- Басты
- Жаңалықтар
- Г. Әбдіқалықова отбасылық құндылықтарды нығайту жөнінде отырыс өткізді
Г. Әбдіқалықова отбасылық құндылықтарды нығайту жөнінде отырыс өткізді
Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойы «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» ұранымен мерекеленіп жатқанын атап өтті.
"Жыл бойы біз Қазақстанның қалыптасу кезіндегі қиындықтар туралы айтып, еліміздің түрлі саладағы жетістіктерін көрсетіп, осы жылдары қандай жолмен бірге жүріп өткенімізді сарапқа салдық", – деді Г.Әбдіқалықова.
Отырыста Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы мәселелер қаралды. Жоспар аясында балалардың, соның ішінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылар балаларының жағдайын жақсартуға, сондай-ақ отбасы және неке, отбасылық құндылықтарды нығайту тұрғысында халықтың біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар қарастырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Мемлекеттік білім берудегі жинақтау жүйесі аясында балалар үйінің 7 779 тәрбиеленушісі үшін 5 млрд-тан астам теңге көлемінде жинақтау шоттары ашылды. Мемлекет отбасыға орналастырудың барлық түрін (қамқорлыққа алу, патронат, отбасына қабылдау) материалдық тұрғыдан қолдайды. Қазақстан азаматтары үшін бала асырап алу рәсімдері жеңілдетіліп, бала асырап алудың халықаралық талаптары күшейтілді.
Мектепке дейінгі 5 213 баласы бар 39 арнаулы мекеме және 5 461 бала тәрбиеленетін 159 арнаулы тобы бар жалпы мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Бүгінде республикада инклюзивтік білім беру әдісін енгізген балабақшалар саны артуда. Мектепке дейінгі жастағы 14 517 бала инклюзивтік білім беру жүйесімен қамтылған. Қосымша білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі 2 мыңнан астам бала үшін шығармашылық сауықтыру шаралары ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, отырыс барысында әйелдердің діни сауаттылығын арттыру ісіндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысына қатысты мәселелер қарастырылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2013-2016 жылдары 51%-дан астамын әйелдер құрайтын, жалпы саны 5,5 млн-ға жуық адамды қамтыған 59 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Ұлттық комиссия мен өңірлер әкімдіктері бірлесіп жүргізетін «Дін және әйел» жобасы іске асырылуда.
Бұдан бөлек, Ұлттық комиссия мүшелеріне жастар арасындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттап, ұлттық мәдениет пен отбасылық дәстүрлерді ілгерілету үшін құрылған «Otbasym.kz» ұлттық мультимедиялық порталы таныстырылды.
Мемлекеттiк хатшы отырыс соңында мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет