- Басты
- Жаңалықтар
- И.Тасмағамбетов балалар үйлері тәрбиеленушілерінің санын азайту бойынша жұмысты белсенді жүргізуді тапсырды
И.Тасмағамбетов балалар үйлері тәрбиеленушілерінің санын азайту бойынша жұмысты белсенді жүргізуді тапсырды
Аталған кеңеске ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, сондай-ақ, орталық атқарушы органдардың, үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Мәжіліс барысында жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың және өз отбасына бала асырап алуға ниет білдірген тұлғалардың ақпараттық мәліметтер базасын құру мәселесі көтерілді.
«Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқандардың санын азайту туралы тапсырма берген болатын. Бұл бағытта мемлекеттік органдар тарапынан жоспарлы және дәйекті жұмыс жүргізілуде. Балаларды отбасына орналастырудың баламалы формалары көбейіп, асырап алу, қамқорлыққа алу, патронаттан өзге, 2017 жылдан бастап қабылдау және қонақжай отбасылары формасы енеді. Бұлардың барлығы мемлекет тарапынан материалдық қолдауға ие болады», - деді кеңес барысында Иманғали Тасмағамбетов.
Сонымен қатар, ол бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйым өкілдері тартылатындығын атады. Олар заңнама аясында қоғамдық ұйым ретінде балалар үйлерінің қызметкерлерін оқыту, тәрбиеленушілердің арасындағы сырқаттарды анықтау және тағы басқа жұмыстарды жүргізеді. Вице-премьер осындай ұйымдардың бірі ретінде «Бала асырап алуды қолдау орталығы» жобасын іске асырушы «Ана үйі» қоғамдық қорын ерекше атады.
Талқылау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бала асырап алудың ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айынан бері жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың және өз отбасына бала асырап алуға ниет білдірген тұлғалардың Республикалық мәліметтер банкі қалыптасқанын айтты.
Соңғы мәліметтер бойынша жыл сайын алты мыңнан аса бала Жасөспірімдерді бейімдеу орталықтары арқылы асырап алуға, қамқорлыққа және патронаттық тәрбиеге беріледі. Сонымен қатар, туған ата-аналарына қайтарылады немесе жетімдер мен ата-анасының қорғауынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге жіберіледі. Сондай-ақ, жаңа туған нәрестелердің ата-анасы анықталмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың қорғаншы және қамқоршы органдары сәбилерді бірден отбасыларына тәрбиеге бере алады.
«Барлық құзырлы мемлекеттік органдар балаларды асырап алуға, патронаттық тәрбиеге және отбасыларына беру арқылы жетім балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің санын қысқарту үшін белсенді жұмыс жүргізуі қажет», - деп түйіндеді вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов.
Сонымен қатар, кеңес қорытындысында вице-премьер жауапты құрылымдарға Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жетім балаларды қазақстандық азаматтардың отбсаына тәрбиелеуге беруде үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы бөлігінде заңанаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды