- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкімет басшысы мен Корея вице-премьері екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады
ҚР Үкімет басшысы мен Корея вице-премьері екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады
«Кездесу барысында екі жақты өзара іс-қимылдың ауқымды мәселелері талқыланды. Тараптар сондай-ақ экономиканың түрлі салаларындағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарады», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, транспорттық машина жасаудағы жобалар туралы, жаңғыртылған энергия көздері, жоғарғы технологиялар, жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша және корей бизнесі белсенді қатысып отырған басқа да салалар туралы әңгіме болды.
С.Ахметов сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ырғақты дамып отырғанына тоқталып, сондай-ақ өзара тиімді байланыстарды нығайтып, оны одан әрі кеңейте түсу қажеттілігін атап көрсетті.
«Қазақстан тұрақты дамуды үдемелі индустриалдық-инновациялық даму есебінен қамтамасыз етуге ұмтылуда. Осы орайда біз Кореямен өзара тиімді инвестициялық және технологиялық әріптестікке мүдделіміз»,-деді ҚР Үкіметінің басшысы.
Бұдан басқа, С.Ахметов Ёсуда ЭКСПО-2012 Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудегі корей тәжірибесін үйренуге мүдделілігін білдіріп және корей компанияларын Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.
Кездесу қортындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.
Атап айтқанда, екі ел Үкіметтері арасында кеден істеріндегі ынтымақтастық пен өзара әкімшілік көмек туралы Келісім жасалып, «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Hyundai» корпорациясы арасында стратегиялық әріптестік туралы Меморандум бекітілді.
Бұдан басқа, Қазақстан мен Корея сауда-өнеркәсіптік палаталары арасында кәсіптік-техникалық білім беру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға, «Samruk-Green Energy» ЖШС мен «Hyundai» корпорациясының еншілес компаниясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері