- Басты
- Жаңалықтар
- Минскіде «Қазақстанның киносы апталығы» өтуде
Минскіде «Қазақстанның киносы апталығы» өтуде
Мәдени іс-шараға Ұлттық жиналыстың депутаттары, Минскте аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, ТМД атқару комитеті және БР Президенттік кітапханасының өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, Қазақстанның Достар Клубының мүшелері, студеттер, соның ішінде қазақстандық және қазақ диаспорасының белсенділері қатысты.
Іс-шараны салтанатты түрде ҚР-ның Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегенов ашып, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің еңбегімен тікелей байланысты екенін атап өтті.
Белорусь Республикасының Мәдениет министрінің орынбасары Ирина Дрига жиналған көрермендерді айтулы мерекемен құттықтап, осындай іс-шаралар екімемлекет арасындағы достық байланыстар менмәдени ынтымақтастықтыңдамуына септігін тигізетінін айтты.
Қазақстанның киносы апталығының ашылу салтанатында Жұлдыздар тоғысқанда фильмі көрсетілді. Желтоқсанның 6-на дейін жалғасатын мәдени іс-шара барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси қызметін баяндайтын Елбасы жолы киноэпопеясының барлық бес фильмдері, сонымен қатар режиссер Ақан Сатаевтың Анаға апарар жол және Жаужүрек мың бала фильмдері көрсетіледі.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұймдастырылған іс-шаралар басқа да мемлекеттерде өтті. 30 қарашада Татарстанның Халықтар достығы үйінде Қазан қаласының университеттерінде оқитын қазақстандық студенттер мемлекеттік мерекеге байланысты дөңгелек үстел өткізді. Кеш соңында Ш.Айманов атындағы Қазақфильм АҚ мен ҚР Бас консулдығының ұйымдастыруымен Елбасы жолы киноэпопеясы көрсетілді.
-
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
"ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі" республикалық конкурсы өтуде -
Елорда оқушылары арасында бұрымдылар байқауы өтуде -
Келіп жатқан тауарлар химиялық өңдеуден өтуде – С.Омаров -
Тәжікстанда Қазақстандық медицина күндері өтуде -
«Қазақстанның 100 жаңа есіміне» дауыс беру мерзімі ұзартылды -
Кинематография жаңалықтары, терминдер, туризм – ҚР Мәдениет және спорт министрі есеп берді -
Жастар жылын атап өтуде формалдық көзқарастан аулақ болу қажет – Қ.Тоқаев -
«Рухани жаңғыру» аясында Голливудта қазақ киносының фестивалі өткізілді – С.Әбдіхалықов -
Астанада Адам құқығы күніне орай дөңгелек үстел өтуде -
Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтті -
Н.Назарбаев Минскідегі Жеңіс монументіне гүл шоғын қойды