- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев және Д.Рогозин Байқоңыр ғарыш айлағын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады
Н.Назарбаев және Д.Рогозин Байқоңыр ғарыш айлағын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады
Кездесуде Байқоңыр ғарыш айлағын одан әрі дамыту, сондай-ақ қорғаныс және қару-жарақ мәселелері жөнінде Қазақстан мен Ресей үкіметтері жүргізіп жатқан жұмыстар барысы қарастырылды.
"Біз қорғаныс өнеркәсібі саласында бірлескен кәсіпорындар құру мәселесін бұған дейін де талқыладық. Осы мақсатпен біздің елде жеке министрлік құрылды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысына Ресей Үкіметінің вице-премьері болашақта бірлесе жүзеге асырылатын «Бәйтерек» жобасының техникалық жағы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.
"Бұл жоба мүлде жаңа зымыран-ғарыш техникасын жасауға және зымыран жөнелту кешенін жаңғыртуға бағытталған. Жоба жөнінде қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел басшылары тарапынан ресми рәсімделген жағдайда Байқоңыр қаласы мен жөнелту кешенін дамытудың жарқын перспективасына жол ашылады", – деді Д.Рогозин.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасында экономиканың басқа салалары бойынша да ілгерілеушіліктер бар екенін атап өтті.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы