- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 2013 жылы РФ-нан тасымалданған әскери техника ауқымы максималды деңгейге жетті – ҚМ
ҚР-да 2013 жылы РФ-нан тасымалданған әскери техника ауқымы максималды деңгейге жетті – ҚМ
«Кездесу барысында әскери-экономика және әскери-техника саласы бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстанның Ресеймен осы салалар бойынша ынтымақтастығы өзара тиімді әрі сындарлы негізде дамуда екендігі аталып өтті», - делінген хабарламада.
Кездесу барысында Қазақстанда жұмыс істеп тұрған бірлескен кәсіпорындарды дамыту, сондай-ақ болашақта бірлескен жаңа жобаларды жасау жөніндегі нақты жоспар келісілді.
Сонымен бірге Қазақстан мен Ресей ӘШҚ Бірыңғай аймақтық жүйесін құру жөніндегі Келісімді іс жүзіне асыру, сондай-ақ құрылатын жүйені техникалық қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды.
Тараптар әскери мақсаттағы өнімдерді өзара жеткізу айтарлықтай өсіп отырғандығын атап өтті. Мәселен, ағымдағы жылы әскери техниканы жеткізу көлемі соңғы он жылда барынша өскендігі байқалды.
Жалпы келіссөздер екі елдің қорғаныс өнеркәсібінің оң дамуын және тең дәрежедегі ынтымақтастық негізінде өзара іс-қимыл жасайтынын растады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу