• Басты
  • 412 отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды
16 Наурыз, 2020 10:38

412 отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге жалпы саны 1437 адам болатын 412 отбасы қоныс аударды, оның ішінде 744 адам еңбекке қабілетті жаста. Еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің ішінен 319 адам жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналастырылды.
412 отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында еңбек ресурстарының ұтқырлығын ынталандыру үшін Үкімет айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.

Қоныс аударушылардың келесі шығу өңірлері анықталды: Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ, Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары. Қабылдау өңірлері: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

- отбасы әрбір мүшесіне 35 АЕК (92 мың теңге) көшуге біржолғы төлем;.

- тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды жабу үшін, олар отбасы мүшелерінің санына және жергілікті жеріне байланысты отбасына 12 ай ішінде ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (39 мыңнан 79 мың теңгеге дейін) төленеді.

Сондай-ақ, биыл қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі жалғастырылатын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысы бойынша 714 жеке объект салынады, Павлодар облысында қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 441 пәтер сатып алынады.

2020 жылы қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 6 379 адам (1 878 отбасы) мөлшерінде белгіленген.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды