• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мырзахметов: ҚР-да мал шаруашылығы саласын субсидиялау қайта қаралатын болады

А.Мырзахметов: ҚР-да мал шаруашылығы саласын субсидиялау қайта қаралатын болады

2 Желтоқсан, 2016 15:31
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының тауар өндірушілерімен кездесті. Кездесуде АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы талқыланды.

«Бүгінгі күні мал шаруашылығын субсидиялау бойынша 33 бағыт бар, оларға 2015 жылы 69 млрд тенге бөлінген. Жаңа бағдарлама аясында 6 субсидия қарастырылатын болады», - деді А. Мырзахметов.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша сиыр, қой еті, сүтке берілген субсидияларды алушылар – ірі шаруашылықтар (жалпы соманың 60%-ы ). Мысалы, сиыр етіне берілетін субсидиянының жалпы көлемін (60%) 19 мал бордақылау алаңдары (3000 бас малдан) алып отырса, сүтке берілетін субсидияда дәл осылай жасалып отырған. Ендігі кезекте осы бағыттағы критерийлер төмендетілетін болады (сиыр етіне 400-ден 100 бас малға) және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне субсидия алуға қатысуға мүмкіндік берілмек. Осы арқылы субсидия алушылардың саны 2,5 есеге көбейтілмек.

Сонымен қатар, ет бағытындағы асыл тұқымды төлдер жеткілікті болғандықтан, импортталатын асыл тұқымды ірі қара малды әкелуге арналған субсидияға шектеу қойылып, барлық қаражат өнімді субсидиялауға бөлінетін болады.

Мал басына төленетін ірі-шығынды азықтарды субсидиялау (ЖБ есебінен орташа 100 мың тг) түпкілікті нәтижені қамтамасыз етпейді. Аталған қаражат ауыл шаруашылығы кооперативтеріне өткізілген құрама жемді субсидиялауға бағыттау жоспарлануда.

Сонымен қатар, 1 аналық мал басына төленетін ІҚМ асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізуді субсидиялаудың түпкілікті нәтижеге байламсыз алынатын төлге бағытталатын болады.

 

Барлық жаңалықтар