- Басты
- Жаңалықтар
- Ағымдағы жылы 609 тәрбиеленуші бала туған отбасыларына қайтарылды
Ағымдағы жылы 609 тәрбиеленуші бала туған отбасыларына қайтарылды
«Қазақстанда 2013 жылдан бері әр қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күні пайда болды. Елбасының өкімімен адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мен некенің оң бейнесін ілгерілетуге бағытталған жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бекітілді», - деп атап өтті Л. Сүлеймен.
Оның хабарлауынша, отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015 - 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
Л.Сүлеймен, өңірлерде балаларды отбасыларға орналастыруға «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар кеңесі» айтарлықтай жәрдем көрсетіп отырғанын атап өтті. 2016 жылдың 9 айында 609 тәрбиеленуші бала туған отбасыларына қайтарылды (2015 ж. - 1084), қамқорлыққа, патронатқа, асырап алушыларға – 694 бала (2015 ж. - 1519) берілді.
Өз кезегінде Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Елена Тарасенко брифингке қатысушыларды «25 пайдалы іс» республикалық акциясының іске асырылу барысы туралы хабардар етті. Акцияның шеңберінде республикалық және өңірлік деңгейлердегі дарынды жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың тегін оқу гранттарын алуға қолдау көрсету, бастауыш және ағымдағы кәсіпкер-әйелдерге арналған тегін семинарлар ұйымдастыру, республикалық әкелер форумын өткізу, психоневрологиялық интернатқа демалыс бөлмелерін жабдықтауға қайырымдылық жәрдем көрсету және тағы басқа іс-шараларды қамтыған 25 нақты іс-шара өткізілген.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай