- Басты
- Жаңалықтар
- КҚК Теңіз терминалында бір айда тиелген жүктің рекордтық көлемі анықталды
КҚК Теңіз терминалында бір айда тиелген жүктің рекордтық көлемі анықталды
Алдыңғы рекорд 2016 жылғы наурызда болған, ол кезде бір ай ішінде 4 210 000 тонна мұнай тиелген болатын, деп хабарлады КҚК баспасөз қызметі.
«Консорциум тарихында Теңіз терминалында 4,3 мыңнан астам танкер тиелген болатын, оларға 460 млн тонна мұнай аударылған. Олардың ішінде 398 млн тонна мұнай – қазақстандық өндірушілердің үлесіне, қалғаны ресейлік өндірушілердің үлесіне келген», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2015 жылы КҚК Теңіз терминалы Oil Terminal 2015 халықаралық байқауында жеңіске жеткен болатын. Бұл КҚК-ның осы байқауға қатысуы уақытындағы терминалдың төртінші марапаты. Бұрын ол «Үздік технологиялық жарақтандыру», «Сенімді әріптес», «Тұрақтылық» номинацияларында «Мұнай терминалы» халықаралық сыйлығының лауреаты атанған болатын.
Анықтама: КҚК құбыр өткізу жүйесі – ТМД аумағында шетелдік капиталдың қатысуымен энергетика саласындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі. Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарын Новороссийсктегі теңіз терминалымен біріктірген құбырдың ұзындығы 1 511 шм құрайды. КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть – 24% және КТК Компани – 7 %) – 31%; Қазақстан Республикасы (Қазмұнайгаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%) – 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы