Ақмола облысында 40 отбасы қоныс тойын тойлады (ФОТО)

2 Желтоқсан, 2016 20:49
Ақмола облысы Есіл қаласында 40 отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болды, деп хабарлады өңірдің ішкі саясат басқармасы.

Ағымдағы жылғы көктемде Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Есіл қаласында коммуналды тұрғын үй қоры ретінде 40 пәтерлі үйді қалпына келтіруге қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Осы жобаны іске асыру мақсатында облыстық бюджеттен 148 млн теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен жетім балалар көптен күткен пәтер кілттерін алды. Пәтерлердің жаңа иелері өз қуаныштарын жасырмай, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, облыс және аудан басшылығына, құрылысшыларға және осы мәселені шешуге қатысқандардың барлығына алғыстарын білдірді.

Аудан әкімі Аманбек Қалжанов өз сөзінде жаңа қоныс иелерін құттықтап, Есіл қаласында жаңа тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі мемлекет қолдауының арқасында жүзеге асқанын атап өтті.

Барлық жаңалықтар