• Басты
  • Жамбыл облысында сығымдау компрессорлық станциясы іске қосылды
2 Желтоқсан, 2016 14:32

Жамбыл облысында сығымдау компрессорлық станциясы іске қосылды

Жамбыл облысында бір газ құбырынан екіншісіне жылына 6 млрд текше метр көлеміндегі газды айдау мүмкіндігі бар, құны 40 млрд-тан асатын сығымдау компрессорлық станциясы іске қосылды.
Жамбыл облысында сығымдау компрессорлық станциясы іске қосылды | Strategy2050.kz

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, жоба операторы «ҚазТрансГаз» АҚ. Қазақстан Республикасы газ тасымалдау жүйесінің тарихында алғаш рет газдың тасымалдау ағынын әртараптандыру үшін түрлі жобалау қысымдарымен бір газ құбырынан екіншісіне жылына 6 млрд текше метр көлеміндегі газды айдау мүмкіндігі бар.
«Қос мерекенің қарсаңында іске қосылып отырған бұл копрессорлық станция өз қуаттылығын жыл сайын арттыратын болады. Сонымен қатар 60-қа тарта жаңа жұмыс орындары ашылды. Облысқа түсетін салық көлемі артады. Әлеуметтік-экономикалық дамуға да оң септігін тигізеді деп ойлаймын. Қазіргі таңда аймақтағы елді мекендерді газдандыру мәселесі де  өз шешімін тауып келеді», - деп хабарлады әкімдікте.  
«Ақыртөбе» сығымдау компрессорлық станциясы Жамбыл облысында «Бұхар газды ауданы – Ташкент – Бішкек-Алматы» (қысымы 55 кгс/см2) мен «Қазақстан-Қытай» (қысымы 100 кгс/см2) магистральдық газ құбырлары арасындағы ТІР-02 жалғастырғышында салынған. Объектіні пайдалануға беру Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр, СКС құрылысы «ҚазТрансГаз» АҚ өз қаражаты есебінен қысқа мерзім ішінде салынды.
Станцияның іске қосылуымен отандық табиғи газ көлемін батыс кен орындарынан Қазақстаннан тыс жерлерге тасымалдаудың экономикалық жағынан тиімді мүмкіндігі пайда болды. Экспортталатын газдың ресурстық базасы Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол және Қашаған кен орындары болмақ.
Жаңа станцияның жұмысы газ құбырының учаскесі өтетін Қырғыз Республикасын айналып, республиканың оңтүстігін үзіліссіз газбен жабдықтау үшін резервтік бағдарды қамтамасыз етеді. СКС қуаты жылына орта есеппен 4,7 миллиард текше метр газды айдауға есептелген. Цехтың қосалқы жабдықтары, құбыр байламдары мен инженерлік желілер қосымша газ айдау агрегатымен қосымша жабдықтау мүмкіндігін ескеріп жобаланған, бұл газ айдау көлемін жылына 6 миллиард текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Объектіні пайдалануға беру салтанатты рәсімінде сөйлеген сөзінде «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының орынбасары Даир Көшеров: «Сығымдау компрессорлық станциясы – бұл елдің бүкіл магистральдық газ құбырлары жүйесі үшін стратегиялық маңызды объект. Сығымдау компрессорлық станциясын іске қосу бірден бірнеше міндеттерді шешеді», - деп атап өтті. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды