- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Корей Республикасының Президентімен кездесу өткізді
ҚР Премьер-Министрі Корей Республикасының Президентімен кездесу өткізді
«Серік Ахметов Пак Кын Хеге Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың игі тілегін және 2014 жылы Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын жеткізді», - делінген хабарламада.
Кездесудің басты тақырыбы екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесі болды.
«Екі жақты тауар айналымының қазіргі қарқыны көрсетіп отырғандай, бұл бағытта елеулі табыстарға қол жеткіздік. Ағымдағы жылдың тоғыз айында оның көлемі 1 млрд. долларға артты. Тауар айналымы қарқынын одан әрі арттыруға ниеттіміз»,-деді С.Ахметов.
Премьер-Министр Қазақстан мен Кореяның Балқаш ЖЭС, Атырау облысындағы газ-химия кешені құрылыстары және «Жамбыл» кен орнын игеру бойынша бірқатар бірлескен ірі жобаларды жүзеге асырып жатырғанын атап өтті.
«Бұл ірі жобаларды жүзеге асырудың, Қазақстан экономикасын дамытуға зор үлесін қосып және біздің елдеріміз арасындағы инвестициялық және технологиялық әріптестікті елеулі түрде нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін»,- деп атап көрсетті С.Ахметов.
Өз кезегінде, Пак Кын Хе Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа игі тілегін білдірді. Корей Президенті екі жақты өзара іс-қимыл деңгейіне жоғары баға беріп, мемлекетаралық қатынастардың барлық спекторы бойынша байланыстарды одан әрі тереңдете түсу қажеттігі туралы айтты.
«Қазақстан Корея үшін Еуразия кеңістігіндегі негізгі әріптестердің бірі болып табылады»,-деді кездесу барысында Пак Кын Хе.
Ел Президенті сондай-ақ Кореяның ЭКСПО көрмесін өткізудегі үлкен тәжірибесіне тоқталып, «осынау іс-шараны ұйымдастыруға байланысты Қазақстанмен тәжірибе бөлісуге дайын екенін» айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды