Петропавлда 198 отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болды

2 Желтоқсан, 2016 12:49
Петропавлда 198 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.

Пәтер кiлтiне барлығы 198 отбасы ие болды. Олардың арасында мемлекеттiк қызметшілер, әскери қызметкерлер, бюджеттiк ұйым мамандары, сондай-ақ халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары: жетiм және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және өзге де азаматтар бар.

Солтүстiк Қазақстан облысында тұрғын үйдi пайдалануға беру көлемi жыл сайын 20%-дан астам көрсеткiшке артып келедi. Мысалы, биыл 170 мың шаршы метр тұрғын үйдi пайдалануға беру жоспарланған. Оның 60 мың шаршы метрi қолданыстағы мемлекеттiк бағдарламалар аясында бой көтеруде.

Барлық жаңалықтар