- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Қазақстанның өзен көлігімен 1,3 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды
2016 жылы Қазақстанның өзен көлігімен 1,3 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды
Негізінен құрылыс материалдары, ағаш, құмды-қиыршықтас қоспасы, балық өнімдері және т.б жүк тасымалданды.
Сонымен қатар, биыл кеме көлігімен 100 мыңнан астам жолаушы тасымалданған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 80% артық.
Қазіргі уақытта Қазақстанның кеме қатынайтын су жолдарында кеме жүрісі тоқтады.
Кеме қатынасының қауіпсіздігін арнайы мемлекеттік кәсіпорындар қамтамасыз етті. Мемлекеттің тапсырмасына сәйкес, 3700-ден астам навигациялық белгі қойды, 2500 мың м3 астам түбін тереңдету, түбін тазарту жұмыстары және басқа жол жұмыстары жасалды.
Көліктік бақылау органдарының мәліметтеріне сәйкес, биыл навигация кезеңінде су жолдарын тиісті деңгейде ұстамауға қатысты бірде бір көлік оқиғасы тіркелмеген.
Ақпарат ретінде:
Кеме қатынасы Ертіс, Іле-Балқаш және Жайық-Каспий бассейіндерінде жүзеге асырылады. Кеме қатынасы учаскілерінің жалпы ұзындығы 4 040,5 км жуық. 2016 жылғы 1 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының кеме тізілімінде 783 өзен кемесі және 28,7 мыңға жуық шағын көлемді кеме тіркелген. Павлодар және Атырау облыстарында тиеп-түсіру мүмкіндігі 1,5 млн тоннадан асатын екі өзен флоты жұмыс істейді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары