• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шымкентте оқушыларды тасымалдауға арналған жаңа мектеп автобустары пайда болды (ФОТО)

Шымкентте оқушыларды тасымалдауға арналған жаңа мектеп автобустары пайда болды (ФОТО)

2 Желтоқсан, 2016 11:39
Шымкенттік мектептер 19 жаңа мектеп автобусына ие болды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.

«Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет тарапынан 11 мектепке жаңа автобустар табыс етілді. Алдағы уақытта 3000-ға жуық оқушы мектепке жеке автобустар арқылы тегін тасымалданатын  болады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, Шымкент қалалық əкімшілігінің ескі ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. 2015 жылдың қыркүйегінен басталған нысанның қайта жөндеу жұмыстарына 500 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда бұл ғимаратқа Əл-Фараби ауданы әкімінің аппаратымен қатар қалалық білім, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері де орналасқан.

Барлық жаңалықтар