Павлодарда апатты тұрғын үйлердің 78 тұрғыны жаңа пәтерлерге ие болды

2 Желтоқсан, 2016 10:57
Павлодарда апатты тұрғын үйлердің тұрғындары үшін 78 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жаңа тұрғын үй «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Құрылыстың құны 756 миллион теңгені құрады. Үйде 51 екі бөлмелі, 24 үш бөлмелі және 3 төрт бөлмелі пәтер бар.

«Қазіргі таңда «Сарыарқа» шағын ауданында тағы да бір үй тұрғындарға берілуге дайындалып жатыр. Сонымен қатар, мұнда жаңа үш үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, екі қабатты үйлерді демонтаждау жұмыстары басталып, келесі жылы олардың орнына алты бірдей көп қабатты үйлер салынады», - деп атап өтілді әкімдікте.

Айта кетерлігі, биылғы жылы Павлодарда алты үй қолданысқа берілген. 

Барлық жаңалықтар