ШҚО Жарма ауданында 180 орынға арналған балабақша ашылды

2 Желтоқсан, 2016 11:18
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Әуезов ауылында құны 240 млн теңге 180 орынға арналған балабақша ашылды, деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.

«Аққу» балабақшасын қалпына келтіру жобасы облыстың ірі әлеуметтік жобаларының бірі болатын. Құрылыс жұмыстарымен Өскемен және Семей қалаларының мердігерлік ұйымдары, сондай-ақ Жарма ауданының компаниялары айналысты», - делінген хабарламада. 

180 орынға арналған «Аққу» балабақшасы балаларға арналған барлық заттармен жабдықталған. ҚР Білім министрлігінің әдістемелік нұсқауларына сәйкес, жас бүлдіршіндер үшін ойыншықтар мен спорт мүкаммалын сатып алуға ғана 3 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Ғимараттың айналасындағы аумақ қоршалды. 

Қазіргі уақытта балабақшаға 140 бала жазылған. Өтініштерді қабылдау жүріп жатыр. Мекеменің қызметкерлері жергілікті тұрғындар арасынан таңдалады. 

Барлық жаңалықтар