И.Тасмағамбетов: Жастар – қазақстандық қоғамның өмірлік күші

1 Желтоқсан, 2016 16:34
Жастар – халықтың ең салауатты бөлігі, қоғамның өмірлік күші және уақыт энергиясы, деді Қазақстанның Премьер-Министрінің орынбасары – Иманғали Тасмағамбетов Республикалық жастар форумы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен пленарлық отырыс барысында.

«Жастардың білім алуы, кәсіптік, ғылыми және шығармашылық өсуі үшін жағдайлар жасау – қоғамды ілгерілету мен жаңғыртуға ең сенімді инвестиция. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша бүгін мемлекеттің жастармен құрылымды диалогы үшін барлық жағдайлар жасалған. Осы кездесудің форматы өзекті тақырыптарды талқылауға, білім алмасуға жақсы мүмкіндік береді», - деді И. Тасмағамбетов.

Вице-премьер жастардан ұмтылыс қана талап етілетінін атап өтті.

«Егер жастардың өздері білім алуға ұмтылмаса, ешкім де және еш нәрсе де, тіпті ең дамыған білім беру жүйесі де оларды еш нәрсеге үйрете алмайды. Жетістікке жеткен адам – үнемі жаңа білім алуға ұмтылатын, жетілетін және ары қарай жүретін адам», - деп атап өтті  И. Тасмағамбетов.

Сонымен бірге, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары жастар үлкен зияткерлік әлеуетке және шығармашылыққа деген ерекше қабілеттерге ие екенін, жастар – халықтың ең салауатты бөлігі, қоғамның өмірлік күші және уақыт энергиясы екенін қосып айтты.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар