- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында мемлекеттік қолдаудың арқасында екі ірі кәсіпорын ашылды (ФОТО)
Ақтөбе облысында мемлекеттік қолдаудың арқасында екі ірі кәсіпорын ашылды (ФОТО)
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ЖК «Бектұров» транспорттық-логистикалық орталығының ашылуына қатысты.
Аймақ басшысы жаңа нысанның жұмысымен танысты. Жоба құны – 1,6 млрд теңге. «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы аясында ЖК «Бектұров» мемлекет тарапынан орталықтың құрылысы үшін 550 млн теңге пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қолдау көрсетіліп, қажетті жабдықтар алуға 270 млн теңге берілді. Ашылған кәсіпорын 200 адамды жұмыспен қамтыды.
«Бұл жоба аймақ экономикасының барлық салалары үшін маңызды және халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік-логистикалық транзиттік дәлізінің жүйесіне қызмет көрсететін жалпы кестеге енгізілді. Көлік-логистикалық орталығының басты артықшылығы, оның қолайлы экономикалық-географиялық орналасуы, жаһандану жағдайында маңыздылығы зор. Ақтөбе қаласында 10 мың ш.м аумақта орналасқан транспорттық-логистикалық орталық, барлық қажетті инфрақұрлыммен жабдықталған», - деп атап өтті облыс әкімі ашылу салтанатында.
Сонымен қатар аймақ басшысына «Сайлан» ЖШС магнезиялы ұнтақ және «Хромикс» пигмент-толтырғыш өндірістік цехы таныстырылды. Жобаның негізгі бағыты құрамында хром бар қалдықтарды кәдеге жарату болып табылады. «Хромикс» пигмент-толтырғыш және магни ұнтағының өндіру 650 млн теңге. Бұл өнім жасыл шыныны өндірісінде, бояу өнеркәсібінде антикоррозиялық топырақ дайындау кезінде, эмаль, су негізді және су-эмульсиялы бояу өндірісінде қолданылады.
Облыс әкімі технологиялық жағдайымен және жабдықталумен танысып жаңа өндіріс нысанын іске қосты.
«Бүгін, еліміз үшін маңызды мереке қарсаңында жылына 6 000 тонна құрамында хром бар қалдықтарын өндіретін магнезиялы ұнтақ және «Хромик» пигмен-толтырғыш цехын іске қосып отырмыз. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде 115,9 млн теңге қолдау көрсетілді. Жоба аймақтың әлеуметтік және экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді, - деді Бердібек Сапарбаев.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба