- Басты
- Жаңалықтар
- Тұңғыш президент күні 25 ақтөбелік отбасы баспаналы болды (ФОТО)
Тұңғыш президент күні 25 ақтөбелік отбасы баспаналы болды (ФОТО)
Жуырда 25 отбасы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымының Қазақстандық ипотекалық компаниясы арқылы қол жеткізген әдемі әрленген жаңа пәтерлеріне қоныстанатын болады.
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев салтанатты шараға жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, жергілікті атқару органдарының үй кезегінде тұрғандарына Батыс-2 шағын ауданында орналасқан пәтерлердің кілтін табыс етті. Бұл өздерінің төлем қабілетін растаған алғашқы жаңа қоныстанушылар.
Оның айтуынша, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында кезекте тұрған азаматтарға «ҚИК» АҚ арқылы 31,3 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй немесе коммерциялық сатушылардың 478 пәтері пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Бүгінде Ақтөбе қаласында «ҚИК» АҚ-нен 48,7 мың шаршы метр тұрғын үйді немесе комммерциялық салушылардың 744 пәтерін сатып алу үшін келісімшартқа қол қойылды.
Бұдан өзге ағымдағы жылы ипотекалық компания арқылы қол жеткізуге болатын жалдамалы тұрғын үйінің жалпы алаңы 28,0 мың шаршы метр болатын немесе 566 пәтерлі №1 «Нұр Ақтөбе» тұрғын алабының құрылысы басталды. Аталмыш тұрғын үй 2017 жылы пайдалануға беріледі.
«Осы жылы біз еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлағалы отырмыз. Соған орай өңірде «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн бастау алған болатын. Қазірдің өзінде біздің өңір «Нұр Ақтөбе» мен «Батыс-2» тұрғын алаптарын мысалға ала отырып, тұрғын үй құрылысында өздерінің мүмкіндіктері мен әлеуетін сенімді түрде көрсете алады. Біздің бүгін табыс ететін алты қабаттық үйдің пәтер кілттері - осының дәлелі. Бұл – еліміздің азаматтарының тұрғын үйге қатысты жағдайларын жақсартудағы жоспарымызды шынай іске асыру»,- деді облыс әкімі.
Жалдамалы пәтерлерге бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, мемлекеттік қызметкерлер, көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, әскери қызметшілер ие болды.
«Адамдардың көптен күткен пәтерлеріне Тұңғыш президент мерекесі күні қол жеткізулерінің де мәні бар. Өйткені, бүгінде еліміздің 9 мың азаматының ҚИК желісі бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне бастама болған да осы мемлекет басшысының өзі болатын. Біз бүгін 25 отбасының баспаналы болып, «Нұрлы жол» жалдамалы тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы шарттарын пайдалану мүмкіндігіне ие болғандараы үшін қуаныштымыз»,-деді Қазақстандық ипотекалық компания басқармасының төрағасы Әділ Мұхамеджанов.
Айта кетейік, кешендегі 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны орташа есеппен – айына 923 теңгені құрады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары