• Басты
  • Жаңалықтар
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастарын кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастарын кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды

1 Желтоқсан, 2016 12:04
Қазақстанда қазір кәсіпкерлік ашып, дамитын уақыт басталды, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан Қазақстанның жастар форумы барысында.

«Қазақстанда қазір кәсіпкерлік ашып, дамитын уақыт басталды. Біз индустриялық бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз, 6-сы күні қорытындылаймыз. Бірінші бесжылдықта мыңнан астам кәсіпорын ашылды. Келесі бесжылдықта тағы 300-400 кәсіпорын ашылады», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуы бойынша, барлық аудандардың әкімдері жастарға жекешелендіру процесіне қатысуға көмектесуі қажет.

«Осы қуатты, заманауи кәсіпорындардың айналасында шағын кәсіпорындар құрылады, олар осы компанияларды сервиспен қамтамасыз етуі керек, бұл біріншіден. Қазір жекешелендіру жүріп жатыр. Компания активтерін бәсекелі ортаға тапсыру жоспары – осы жұмыспен барлық аудандардың әкімдері айналысуы тиіс және жастарға осы процеске қатысуға көмек көрсетуі қажет», - деп қосты Н. Назарбаев.

Барлық жаңалықтар