• Басты
  • Жаңалықтар
  • Соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанның жедел медициналық көмек қызметі 33 млн аса шақыртуды жүзеге асырды

Соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанның жедел медициналық көмек қызметі 33 млн аса шақыртуды жүзеге асырды

2 Желтоқсан, 2016 09:34
2011-2015 жылдар аралығында Қазақстанның жедел медициналық көмек қызметі (ЖМК) 33 млн 615 мың 411 шақыртуды жүзеге асырды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Қазақстанда соңғы 10 жылда ЖМК-ке қажеттіліктің артуы байқалады: 2015 жылы 4,6 млн шақырылымнан 2015 жылы 7 млн дейін.

Шақырылған жерге бригаданың тез келуін қамтамасыз етуде уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін заманауи талаптар мен стандарттарға сай жаңа медициналық жабдықтар мен аппаратуралар, автомобильдер мен реанимобильдер сатып алдынды.

Бүгінгі күнде ЖМК қызметінде 20 мыңнан аса адам қызмет етеді. Республика бойынша 24 дербес станциялар және 62 кіші станциялар жұмыс істейді, бір тәулікке 1300 бригада және автокөлік бірліктері жұмылдырылған.

Республикалық санитариялық авиация орталығымен ЖМК көліктерін бақылау және көрсеткіштерін мониторингілеу бірегей жүйесі жасалған, жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен парамедиктерін шұғыл көмек көрсету халықаралық стандарттарын оқыту қажеттілігі анықталған, ЖМК қызметінің үйлестіру жүйесі жетілдірілуде (қалалық станциялар, ЖМК ауылдық пункттері).

Республика өңірлерінде халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін, кеңдігін және сапасын жақсарту мақсатында телемедицина жаңа моделінің тұжырымдамасы жасалды.

ЖМК және санитариялық авиацияның қызметкерлерін шұғыл көмек көрсету халықаралық стандарттары бойынша тәжірибелік дағдыларына оқыту үшін Республикалық санитариялық авиация базасында оқу-тренинг орталығы ашылған.

Барлық жаңалықтар