- Басты
- Жаңалықтар
- Тұңғыш Президент күні Талдықорғанда 40 пәтердің кілті табыс етілді (ФОТО)
Тұңғыш Президент күні Талдықорғанда 40 пәтердің кілті табыс етілді (ФОТО)
Жаңа баспана иелерін облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.
"Бүгін көпшілікпен бірге мерекелік көңіл күйде өздеріңізге 40 пәтерлі коммуналдық үйдің кілтін тапсырғалы тұрмыз. Бұл айтулы оқиғаның Тұңғыш Президент күні және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп отырғаны – үлкен қуаныш. Сіздерді көптен күткен жаңа баспанаға ие болуларыңызбен құттықтаймын! Отбасыларыңызға береке, молшылық пен табыс тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!" – деген А. Баталов жаңа пәтер иелеріне кілттерін тапсырды.
Қоныс иелерінің атынан жетім балалар санаты бойынша пәтер алған Сергей Малаховский сөз сөйледі.
"Мемлекет қамқорлығының арқасында білім алып, бүгін өзімнің жеке баспанама қол жеткіздім. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ең алдымен жастарға әрқашан қолдау көрсетіп келе жатқан Президентімізге алғыс айтқым келеді", - деді С.Малаховский.
Жаңа пәтер алғандардың ішінде Жанат Қырғабақов пен Марина Ноженко да өз ризашылықтарын білдіріп, сөз сөйледі.
"Балаларымның үйлі болғанына шын жүректен қуаныштымын. Енді біздің кең, жарық, жаңа пәтеріміз бар. Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үй беріп отырғаны біз үшін екі есе қуаныш", - деді Марина Ноженко.
Жалпы, Талдықорған қаласының өзінде ғана 2012 жылдан бері жалпы алаңы 87,8 мың шаршы метр болатын 23 тұрғын үй пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде 2 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Биылғы жылдың 9 айында облыс орталығында 4 үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 60 пәтерлі коммуналдық үй іске қосылады деп жоспарланған. Сонымен қатар 9 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 4-еуі – жеке инвестиция есебінен салынуда. Бұл өз кезегінде тағы 873 отбасының жаңа пәтерлі болуына мүмкіндік бермек.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр