Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

1 Желтоқсан, 2016 11:29
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы бүгінгі күн қазақстандықтардың бірігуінің ұлы күні ретінде халық тарихына енгенін атап өтті.

«Тұңғыш Президент күні мерекесінде және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында осы тамаша форумның ашылуымен барлықтарыңызды және Қазақстанның барлық жастарын құттықтаймын. Бүгінгі күн қазақстандықтардың бірігуінің ұлы күні ретінде халық тарихына енді. Барлықтарыңызды Тұңғыш Президент күнімен және алда келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен құттықтаймын!», - деді Мемлекет басшысы Қазақстанның жастар форумы барысында.

Еске сала кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстанның жастар форумы өз жұмысын бастады. Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен белсенді, шығармашыл, жұмысшы, ғалым жастар, республикалық жастар ұйымдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері санынан 1000-ға жуық адам қатысуда. 

Барлық жаңалықтар