ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ШҚО-да ҚХА мұражайы ашылмақ

1 Желтоқсан, 2016 14:03
ҚР Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мейрамы Шығыс Қазақстанда бірқатар есте қаларлық оқиғалармен атап өтілді. Олардың ішінде ең маңыздыларына Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық мұражайының және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы оқу залының ашылуын жатқызуға болады.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шығыс Қазақстанда 300-ден астам іс-шара өтті. Мерекеге облыстың әрбір тұрғыны қатысты: өңірдің барлық оқу орындарында, мекемелері мен кәсіпорындарында тақырыптық кездесулер, көрмелер, концерттер, акциялар және спорт жарыстары өтті, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.  

Ұлт көшбасшысының саясаты арқасында республика аумағында тұрып жатқан барлық этностар мәдениеті мен дәстүрін сақтап, дамытып келеді. Ашылуы бүгін өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық мұражайында әрбір халықтың ерекшеліктерін көрсететін экспонаттар жиналған. 

«Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» өңірлік белсенділер және көшбасшылар байқауының қатысушыларына Тұңғыш Президент күнінің атап өтілуі ерекше есте қалады. Қорытындылары бойынша жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Әрбір іс-шара Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуындағы тарихи рөлін ашуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, қоғамды шоғырландыруға бағытталғанын атап өту қажет. 

Барлық жаңалықтар