- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жастар форумына қатысуда
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жастар форумына қатысуда
Дәстүр бойынша Форум екі жылда бір рет өтеді. Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен белсенді, шығармашыл, жұмысшы, ғалым жастар, республикалық жастар ұйымдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері санынан 1000-ға жуық адам қатысуда.
Жастар форумы аясында мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылданып, мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты нығайту бойынша қосымша тетіктер әзірленеді.
Сондай-ақ, форумға Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, саяси партиялар мен кәсіподақтардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері қатысуда.
Республикалық жастар форумының өткізілуі жастар мен жастар ұйымдарын дамыту үшін жаңа ынталандырма болатынын атап өту қажет.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мейрамы атап өтілуде.
Сурет Бауыржан Жуасбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Жаһандану және жастар тәрбиесі -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Тарихи роман - жастарды елдік рухта тәрбиелеу құралы -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы