• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Кулагин: Қазақстанның жетістіктері Ұлт көшбасшысының есімімен тығыз байланысты (ФОТО)

С.Кулагин: Қазақстанның жетістіктері Ұлт көшбасшысының есімімен тығыз байланысты (ФОТО)

30 Қараша, 2016 19:12
Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, оның әлеуметтік-экономикалық көтерілуі, халықаралық ұйымдар аясындағы жемісті қызметі және әлемдік ауқымда танылған мемлекет беделі Мемлекет басшысының есімімен тығыз байланысты, деді Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын барысында.

Әкім өз сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халық пен мемлекет алдындағы зор еңбегін атап өтті.

«Бұл ерекше мейрам. Ол Ұлт көшбасшысының қазіргі Қазақстанның дамуына қосқан үлесін көрсетеді. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, оның әлеуметтік-экономикалық көтерілуі, халықаралық ұйымдар аясындағы жемісті қызметі және әлемдік ауқымда танылған мемлекет беделі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты», - деді өңір басшысы.

Ол ақмолалықтар Президенттің кез келген бастамаларына қолдау көрсеткенін айтып өтті.

Сондай-ақ, С. Кулагин Мемлекет басшысының идеяларын сәтті іске асыруға үлес қосқан 15 ақмолалыққа құрмет грамоталарын, алғыс хаттарды табыс етті.

Мерекелік іс-шара облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен аяқталды. 

Барлық жаңалықтар