- Басты
- Жаңалықтар
- «ҰАТ» АҚ және IBM компаниясы IT-технологиялар саласында өзара іс-қимыл жасауға ниетті
«ҰАТ» АҚ және IBM компаниясы IT-технологиялар саласында өзара іс-қимыл жасауға ниетті
Құжатқа сәйкес, тараптар деректер, сараптама, «бұлыңғыр» технологиялар, когнитивті технологиялар, IT-қауіпсіздік, мобильді технологияларды өңдеу орталықтарын құру мен басқаруда өз әлеуеттерін біріктіре отырып жұмыс жасайды, екіжақты кездесулер өткізеді. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар туралы оқыту бағдарламаларын жасау мүмкіндігі қарастырылады.
Жуырда «ҰАТ» АҚ Huawei, Samsung, Cisco Systems International B.V., Oracle, Fujitsu Siemens компанияларымен меморандум мен серіктестік туралы келісімдерді бекіткен болатын.
ASTEX Astana Smart City 2016 көрмесіне Қазақстанның 9 ірі IT жобалары қатысуда. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары бұл жобалардың жүзеге асуына салмақты үлес қосқан, әрі осы күнге дейін техникалық қолдау көрсетіп келеді. Атап айтатын болсақ, электрондық үкімет порталы, электрондық құжат алмасу жүйесі, е-лицензиялау, е-нотариат және т.б. жобалар жүзеге асырылды. Сонымен қатар, көрме қонақтарына «Ашық үкімет» порталы және Үлкен деректер сияқты жаңа бағыттар туралы ақпарат ұсынылады.
Көрмеде «ҰАТ» АҚ деректерді сараптау департаментінің мамандары тарапынан «ақылды қаланы» құру бағытындағы балабақшаларға арналған ұсынбалы жүйенің прототипі туралы ақпарат ұсынылған. Аталған жүйеге сәйкес, мектепке дейінгі мекемелерді орналасқан жеріне байланысты сұрау салу арқылы тұтынушыға ең қолайлы нұсқа ұсынылады. Мамандардың айтуына қарағанда мұндай жүйе қазақстандық нарықта бұрын соңды болмаған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция