• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Бекет» жедел алдын алу шаралары қытай тауарларының контрабандасынан мемлекетке түсетін шығынды қысқартады – А. Ержанов

«Бекет» жедел алдын алу шаралары қытай тауарларының контрабандасынан мемлекетке түсетін шығынды қысқартады – А. Ержанов

10 Желтоқсан, 2013 12:50
«Бекет» жедел алдын алу шаралары қытай тауарларының контрабандасынан мемлекетке түсетін шығынды қысқартады. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР ҚМ Кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов мәлiмдедi.

«Біз Қазақстан-Қытай бағытында кедендiк бақылауды күшейтуге және контрабандаға қарсы әрекетке бағытталған «Бекет» жедел алдын алу iс-шараларын өткiзуді бастадық. Бұл iс-шараның мақсаты - Қытайдан контрабандалық жолмен әкелiнетiн тауарлардан мемлекетке келетiн залалды азайту», - дейдi А.Ержанов.

Ол ҚХР-дан әкелiнетiн тауарлардың тәуекел деңгейi жоғары екендiгiн ескере отыра кеден органдары мүдделi мемлекеттiк органдермен бiрлесе қолға алған «жасыл дәлiз» жобасын енгiзгенiн атап өттi.

«Жоба заңды бұзбайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға шекарада өткiзу пунктерiнде өз тауарларын тез арада, яғни 100 минут iшiнде өткiзудi, оны баратын кеден органына неғұрлым тез жеткiзудi және ол жерде жүкке жедел кедендiк тазарту мүмкiндiгiн беру», - деп түсiндiрiп өттi ол.

​«Жасыл дәліз» жобасы бойынша мұндай қолайлы режімді мемлекет алдында жауапты және адал, айқын бизнес жүргізуге дайын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ғана пайдалана алады. ​Оларды іріктеу өлшемі «Уәкілетті экономикалық оператор» деген атаумен Қазақстан Республикасының кеден кодексінде нақты жазылған.

​«Қазіргі кезде уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне 67 компания енгізілген, оның 20 шақтысы «жасыл дәліз» жобасы шеңберінде жұмыс істейді, олар мемлекет ұсынған жеңілдіктің пайдалы екендігін айтуда», - дедi КБК төрағасының орынбасары.

Кеден одағы аумағында автокөлік құралымен әкелінген тауарлар туралы алдын ала ақпараттандыру рәсімі енгізілгеніне бір жылдан асты. Алдын ала ақпарат берудің арқасында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кедендік рәсімдерді өту кезінде уақыты мен қаражатын үнемдейді. Еуроодақ елдерінде практика көрсеткендей, міндетті алдын ала ақпараттандыру, шекарада өткізу қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде тауар өткізу пунктіне келгеннен кейін 2 сағат ішінде алдын ала ақпарат ұсынуға жол беретін норма қолдануда, бірақ ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінде кеден органдарына алдын ала ақпаратты ұсынбаған жағдайда Кеден одағының аумағына тауарларды әкелуге тыйым салу мәселесі белсенді талқылануда.

Кедендік төлемдер түсімі республикалық бюджетке кірістің 38 пайызын құрайды, сондықтан шекарадағы жұмыс тізбегінің айқын, әрі нақты өте маңызды және тек мемлекеттік қана емес, ең алдымен бизнеске қолайлы.
 
 
 
 
 

Барлық жаңалықтар