- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары Қазақстанды беделді елге айналдырды
Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары Қазақстанды беделді елге айналдырды
Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы туралы шешім қабылдады. Сәйкесінше, елде барлық инфрақұрылым – полигондар, жеткізу құралдары және т.б. жабылды.
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО)
Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі бастама қазақстандық көшбасшының 1994 жылы Мәскеуде сөйлеген сөзінің негізгі арқауы болды. 2014 жылғы мамырда Астанада ЕАЭО құру туралы шартқа қол қойылды, ал 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап осы интеграциялық бірлестік сәтті жұмыс істеп келеді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бірінші съезі 2003 жылғы қыркүйекте Астана қаласында Президент Н. Назарбаевтың бастамасымен өтті. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Қазақстанның өзіндік визит карточкасына айналды. Президенттің осы бастамасының арқасында Съез әр түрлі дін, мәдениет және өркениет өкілдері арасында ашықтық пен өзара түсіністікті нығайтуға үлкен үлес қосады.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астаналық саммиті (ЕҚЫҰ)
ЕҚЫҰ саммиті Астанада 2010 жылғы желтоқсанда өтті. Кездесуге мемлекеттер мен үкіметтердің 30 басшысы қатысты. Қорытындылары бойынша астана декларациясы қабылданды, онда осы ұйымның негізінде жатқан нормалар, қағидаттар және міндеттемелер расталды. Қазақстан ТМД мен Орталық Азияда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқарған алғашқы ел болды.
G-global
ҚР Президенті Н. Назарбаев G-20 және G-8 форматының тиімсіздігін көрсете отырып, 2011 жылғы желтоқсанда G-global жаңа коммуникативтік алаңын құруды ұсынды. Бұл бастаманы ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында хабарлады.
«Әлем. XXI ғасыр» манифесі
ҚР Президентінің әлемнің барлық халықтары мен көшбасшыларына соғысқа қарсы жаһандық жолдауы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін барлық әлем мойындады. Манифес БҰҰ-ның ресми құжатына айналды. Бұл дүниежүзілік қоғамның Н.Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан күші мен жеке үлесін жоғары бағалауын білдіреді.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды