- Басты
- Жаңалықтар
- Еркін Шаймағамбетов Ааэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Еркін Шаймағамбетов Ааэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Қазғарыш ақпараты бойынша, Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетов 1974 жылы 7 маусымда Қазақ КСР Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тастүбек поселкесінде дүниеге келген.
1998 жылы «Ғарыштық ұшу аппараттары және екпіндеткіш блок» мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын бітірді.
Еңбек қызметін 1998 жылдың наурызынан Ғылым министрлігі – Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасында «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерін пайдалану шарттарын бақылау бөлімінің бас маманы (Байқоңыр қаласы) лауазымынан бастады, 1998 жылдың қарашасында аталған бөлімнің бастығы болып тағайындалды.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2014 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.
2016 жылдың 7 қыркүйекте ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Марапаттары бар: «Ерен еңбегі үшін» медалі, мерейтойлық медальдар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді -
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды -
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді -
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді -
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «жыл тұлғасы» атанды -
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты -
Денсаулық сақтау министрі алғаш болып тұмауға қарсы екпе салдырды
-
ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Асқар Маминмен кездесіп, елдің экономикалық дамуы жайлы сөйлесті -
Eрлан Қaрин ҚР Прeзидентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды -
42500 теңге 880 мың адамға тағайындалды