- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстанның Туы Антарктиданың ең биік нүктесінде орнатылады
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстанның Туы Антарктиданың ең биік нүктесінде орнатылады
«Желтоқсанның басында біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Оңтүстік полюске екінші қазақстандық экспедиция жасаймыз. Экспедиция құрамына қазақстандық жас ғалымдар мен спортшылар кіреді», - деді Төлеген Тастанбеков.
Оңтүстік полюске экспедиция Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен өткізіледі. Экспедицияны ұйымдастырушы - «Қазақ географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігі (Қазгео).
«Экспедиция 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні басталады. 16 желтоқсанда еліміздің Тәуелсіздігін тойлау күні Антарктиданың ең биік нүктесі – Винсон шыңында, 4892 метр биіктікте Қазақстанның мемлекеттік туы орнатылады», - деп атап өтті Т. Тастанбеков.
Ақпарат бойынша, Винсон шыңы Оңтүстік полюстен 1200 шақырымда орналасқан және «7 summits» альпинистік бағдарламасы санына кіреді. Экспедицияға қатысушылар жердің Оңтүстік полюсіне жету үшін шаңғымен 22 шм астам қашықтықты өтуі тиіс.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген