- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында қуаттылығы 17 МВт шағын ГЭС іске қосылды (ФОТО)
Алматы облысында қуаттылығы 17 МВт шағын ГЭС іске қосылды (ФОТО)
Нысанның ашылуында А. Баталов Қазақстандағы тау суларының гидроэнергетикалық қорының 65%-ы Алматы облысында екенін тілге тиек етіп, облыста су және жел энергетикасын дамытудың арнайы бағдарламасы әзірленгенін, соның аясында жаңа ГЭС ашылып отырғанын атап өтті.
«Осы ГЭС-ті іске қосудың нәтижесінде өңірдегі электр энерегиясының тапшылығы сағатына 68 млн кВт-қа азайды. Бұл өте маңызды жетістік, дегенмен, меже емес. Қазіргі кезде Қора өзенінде қуаттылығы 26-дан 29 МВт-қа дейінгі тағы 3 ГЭС-тің құрылысы жүріп жатыр. Оған қоса тағы бірнеше нысанның құрылысы жоспарланған. Мұның барлығы өзіміз өндіретін электр энергиясының тапшылығын азайтып, облыстың электр қуаты үшін сыртқа тәуелді болмауына және жаңартылған энергия көздерін дамытуға ықпал етпек. Сонымен қатар компаниялар жоспарлап, салған ГЭС-тар «ЭКСПО - 2017» көрмесіндегі «Қазақстан» павильонынан көрнекті орын алатын болады, - деді А. Баталов құттықтау сөзінің соңында.
Нысанның салтанатты ашылуынан кейін қатысушылар жаңа ГЭС ғимаратының ішін аралап көріп, жаңа үлгідегі нысанның жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысты.
Әкімдіктің ақпараты бойынша, Сарқан ауданы Лепсі өзеніндегі шағын ГЭС-2 жылына орта есеппен 67,78 млн кВт/сағ. электр энергиясын өндіреді. Құрылыстың сметалық құны 4,2 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары 2014 жылдың тамыз айында басталған. Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары