- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Тәуелсіздігіне орай Алматы облысында 25 балабақша пайдалануға берілді (ФОТО)
ҚР Тәуелсіздігіне орай Алматы облысында 25 балабақша пайдалануға берілді (ФОТО)
Жаңа балабақшалар Іле, Қаратал, Жамбыл, Панфилов, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласында іске қосылды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаратал ауданы Үштөбе қаласында ашылған 320 орынды «Балбөбек» балабақшасы «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған. Білім беру мекемесінің ашылу салтанатына облыс әкімі А. Баталов қатысып, құттықтады.
«Бүгін Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» аясында біз облыс бойынша заманауи 25 балабақша ашып отырмыз. Бұл облыс тұрғындары үшін аса маңызды, әрі үлкен шара», - деді А. Баталов.
Мұнан соң облыс басшысы Мемлекет басшысының балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту туралы тапсырмасын орындау бағытында өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Мәселен, биылғы жылдың өзінде ғана облыста 97 балабақша пайдалануға берілген, оның 88-і – жекеменшік. Сондай-ақ облыс әкімі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы мектепке дейінгі мекемелер ашу ісі жақсы жолға қойылғанын, бүгінгі күні балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 87 % құрап отырғанын айтты.
«Бүгінгі ашылып отырған балабақшалардың барлығы да жаңа талаптарға сай, мұнда балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Мұндағы мүмкіндіктер кішкентай балдырғандардың ақылды, алғыр болып өсуіне ықпал ететініне сенемін. Шын жүректен баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын! Зор денсаулық, толайым табыс, отбасыларыңызға береке тілеймін», - деп сөзін қорытындылады А. Баталов.
Жалпы, осы күні 25 балабақшаның басым бөлігі Алматы қаласының маңында орналасқан халық тығыз қоныстанған аудандарда ашылғанын атап өту керек. Мәселен, Талғар ауданында (Талғар қаласы, Амангелді, Қызыл Ту, Рысқұлов, Талдыбұлақ, Тұздыбастау, Еркін ауылдары) жалпы саны 800 орынды 9 балабақша, Іле ауданында (Өтеген батыр кенті, Жаңадәуір, Байсерке, Қоянқұс ауылдары) 520 орынды 7 балабақша, Жамбыл ауданында (Үмбетәлі, Ұзынағаш ауылдары) 470 орынды 4 балабақша, сол сияқты Еңбекшіқазақ ауданында (Жаңашар, Түрген ауылдары) 2-еу, Талдықорған қаласында және Панфилов (Пенжім ауылы), Қаратал аудандарында (Үштөбе қаласы) балабақша бір-бірден ашылды.
Аталған балабақшалар ашылғаннан кейін облыста 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі Жамбыл ауданында 94,2 %, Талғар ауданында – 89,0 %, Панфилов – 85,1 %, Іле – 84,1 %, Еңбекшіқазақ – 82 %, Талдықорған қаласында 87 % көрсеткішке жетті.
Естеріңізге салсақ, Тәуелсіздік жылдары Алматы облысында мектепке дейінгі мекемелер саны 47-ден 903-ке дейін артты, балаларды балабақшамен қамту деңгейі 3,1-ден 87 %-ке дейін өсті. Мұндай сапалық көрсеткішке мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін қолдану арқылы қол жеткізілді. Алматы облысында жекеменшік балабақшалар 61,2 %-ды құрайды.
Осылайша, бүгінгі күні Алматы облысында 182 мемлекеттік, 288 жекеменшік балабақшалар, 433 мектеп жанындағы шағын орталықтар 64,2 мың баланы тәрбиелеп отыр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр