• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында қан айналу жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар саны 8,3%-ға төмендеді

Павлодар облысында қан айналу жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар саны 8,3%-ға төмендеді

10 Желтоқсан, 2013 12:43
Қан айналу жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар саны 8,3%-ға төмендеді, деп Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қан айналу жүйесі адамдардың көз жұмуының басты проблемасы болуына орай облыстың  медициналық ұйымдарының арасында тәуліктік ынтымақтастық жүйесі құрылды. Ағымдағы жылдың 10 айы бойынша облыс орталығының ауруханаларына 529 науқас аталмыш симптом бойынша жеткізілді», - делінген хабарламада.

Облыста қан айналу жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар 8,3 пайызға төмендеді.

Айта кетерлігі, Павлодар аймағының кардиохирургиялық орталығында 3,5 мың ота жасалған оның ішінде 687 ашық жүрекке жасалды.

Барлық жаңалықтар