- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс пробация туралы заң жобасын бірінші оқылуында мақұлдады
Мәжіліс пробация туралы заң жобасын бірінші оқылуында мақұлдады
Заң жобасы «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 33-қадамын орындау аясында әзірленген және пробация институтын одан әрі жетілдіруге, атап айтқанда, осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуге және пробация ұғымдарын, қағидаттарын, субъектілердің құзыреттері мен фунцияларын, осы қызмет пен пробацияға жататын адамдардың мәртебесін айқындауға бағытталған.
ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, Заң жобасында сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробациялаудың екі жаңа моделі көзделеді. Сотқа дейінгі пробациялау күдіктінің мінез-құлқын түзетуге, оның қайтадан қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол бермеуге бағытталған әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге негізделеді.
Ол кәмелеттік жасқа толмағандарға, зейнеткерлік жастағы әйелдерге, жүкті әйелдерге, сонымен бірге үш жасқа дейін баласы барларға, мүгедектерге, 63 жастан асқан азаматтарға, үш жасқа толмаған баланы жалғыз тәрбиелеп отырғандарға қатысты қолданылады. Ал пенитенциарлық пробация қылмыстық атқару жүйесі мекемесінен бостандыққа шығатын сотталушыны қоғамға бейімдеу мақсатын көздейді.
Парламент Мәжілісінің комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындылар ұсынды.
Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады.
Заң жобасымен Қылмыстық-іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне, сондай-ақ «Ішкі істер органдары туралы» Заңына түзетулер енгізіледі, олар қолданыстағы заңнаманы «Пробация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес келтіруге бағытталған.
Парламент Мәжілісінің комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындылар ұсынды, Мәжіліс депутаттары бірқатар ұсыныстар мен ескертулер енгізді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері