- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады (ФОТО)
Мәжіліс ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады (ФОТО)
«Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес, өзінің заңнамалық бастамасы тәртібімен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңының жобасын республика Парламентінің қарауына енгізді. Биыл Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Республика Конституциясында адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы жоғары құндылықтар етіп қойылған. Оған сәйкес рақымшылық жасау акті қолданылатын заңды қабылдау ізгілік қағидаты көріністерінің бірі болып табылады», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуы бойынша, заң жобасында, негізінен, азаматтардың әлеуметтік-осал топтарын, соның ішінде кәмелет жасқа толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелет жасқа толмаған немесе мүгедек балалары бар әйелдерді, мүгедектерді, қарт адамдарды, сондай-ақ ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босату көзделеді.
«Сонымен бірге, заң жобасында рақымшылық жасауды қолдану туралы шарттар да бар. Заң жобасына сәйкес, заң ол қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде орындалуы тиіс», - деп қосты Н. Әбдіров.
Қаулы жобасы бірауыздан қабылданды.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасауды өткізуді ұсынған болатын.
Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес, өзінің заңнамалық бастамасы тәртібімен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңының жобасын республика Парламентінің қарауына енгізді. Рақымшылық жасау заңды бұзған адамдарға қатысты ізгілік қағидаты көріністерінің бірі болып табылады.
Сурет Азамат Әлиев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері