- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында шырын тазалайтын цех іске қосылды
Жамбыл облысында шырын тазалайтын цех іске қосылды
2016 жылы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Орталық Азия қант бірлестігі» ЖШС Меркі филиалы жалпы құны 664,0 млн теңгеге шырын тазалайтын цехты қайта жаңғыртып іске қосты, жаңа 18 жұмыс орны ашылды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 12,9 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсіп, 105,0 % құрады (2015 жылы 9 млрд теңге). 2016 жылы 34,0 мың гектар ақ егіс орылып, 85590 тонна өнім жиналды, жиналған өнім әр гектарға шаққанда орта есеппен 25,2 центнерден айналды. Былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы жиналған өнім 34247 тоннаға ұлғайып отыр.
Мал шаруашылығында 2016 жылдың 1 қарашасында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ІҚМ саны - 6,2%-ға, қой мен ешкі саны - 2,1 %-ға, жылқы - 2,6%-ға, түйе 0,9 %-ға өскен.
Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында 6,8 мың тонна ет өндірілген, бұл 2015 жылдың қаңтар - қазанына қарағанда - 26,0%-ға, сүт - 24,9 мың тоннғаа, жұмыртқа 1,52 млн данаға артық.
«Меркі асыл тұқым зауыты» АҚ-ның 62,5% акциясының бақылау пакетін иеленген «Агростан» ЖШС шаруашылықтың дамуына 2 млрд 207,6 млн теңге инвестиция салмақшы. Дүниежүзілік стандартқа және заманауи үлгідегі технология талабына сәйкес келетін 3000 бас ірі қара малға арналған малға азық беру алаңы құрылысын жүргізуде. Осы агрокешен құрылысы бойынша 600 басқа арналған карантинге қойылатын мал қорасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Аймақтық мастер сүт кластерін» құру бойынша ауданның 42 шаруа қожалығы топтастырылған «Меркі өнімдері» ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативі құрылып, аудандық әділет басқарамасынан тіркеуден өтті. Бүгінде сүтті ірі қара мал алу жұмыстары жүргізілуде», - деп қорытты аудан әкімі.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр