- Басты
- Жаңалықтар
- Малайзияда Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктері таныстырылды (ФОТО)
Малайзияда Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктері таныстырылды (ФОТО)
Іс-шара аясында «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры Сергей Анашкин Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымы мүмкіндіктерін таныстырды, елде және шет елдерде жүктерді шоғырландыру және дистрибуциясы қағидаты бойынша ішкі және сыртқы терминалдық желіні дамыту бағыттары туралы айтып берді, деп хабарлады ҚР СІМ.
Ол Шығыс-Батыс трансконтиненттік дәлізін құруда Ляньюнган портындағы бірлескен қазақстан-қытай терминалының рөлін атап өтті және порттың қолайлы географиялық орналасуы, Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі қалаларымен реттелген теміржол және теңіз коммуникациялары Қазақстанның халықаралық логистикалық тізбекке интеграциясына ықпал ететінін айтты.
Сондай-ақ, ол Қазақстанның «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен және Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасымен айқындалған жобаларды іске асыру аясында 2020 жылға қарай Шығыс – Батыс бағыты бойынша жоғарыда аталған терминал арқылы транзиттік ағымдарды 2,2 млн контейнерге дейін ұлғайту үшін едәуір әлеуеттің бар екенін хабарлады.
«Кездесу қорытындылары бойынша «KTZ Express» АҚ және Малайзияның көлік компаниялары мен экспорттаушылары арасында анағұрлым тығыз ынтымақтастықты реттеу туралы келісулерге қол жеткізілді», - делінген хабарламада.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары