Алматыда франчайзинг көрмесі ашылды

10 Желтоқсан, 2013 12:17
Бүгін Алматыда KazFranch-2013 көрмесі барысында қазақстандық франшизалармен танысу өтті, деп хабарлайды BNews.kz .

Көрменің жұмысын салтанатты құттықтау сөзімен «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова ашты. Оның айтуынша, бүгінде франчайзинг шаруашылықтың 70-тен астам саласында қанат жайған. Дамыған экономикалы елдерде франчайзингті қызмет көрсету мен бөлшек сауда саласында коммерциялық субъектілердің 50 пайызы қолданса, өндірістік салада – 15 пайыз. 

«Қазіргі таңда Қазақстанда франчайзингті шағын және орта бизнес өкілдерінің 4 пайызы ғана қолданады, Орталық Азияның басқа елдерінде бұл көрсеткіш 1 пайыздан артық емес», - деді ол. Оның айтуынша, бұл сататистка франчайзингтің бизнес құрылымдар кооперациясы түрінде қолданыста мол мүмкіндіктерге ие екенін көрсетеді. «Біз тек жолдың басындамыз, аталмыш көрме – біздің жасап отырған алғашқы қадамымыз. Бүгін дөңгелек үстелде біз франчайзингтің барлық проблемалары мен мүмкіндіктерін талқылаймыз, алға жылжу үшін қолымыздан келгенін жасаймыз»,- деп түйіндеді Л.Ибрагимова. 

Барлық жаңалықтар