- Басты
- Жаңалықтар
- «Тұлпар-Тальго» жаңа үлгідегі вагондары сертификат алды - ҚТЖ
«Тұлпар-Тальго» жаңа үлгідегі вагондары сертификат алды - ҚТЖ
«Аса жайлы вагондар жолаушылар тасымалы жүйесінде жылжымалы құрам паркін жаңғыртудың ұзақ мерзімді бағдарламасы аясында шығарылып жатыр», - деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Еркін Жусанбаев.
Жаңа үлгідегі вагондар «Тұлпар-Тальго» зауытының конструкторлық бюросы мамандары мен испандық әріптестерінің Қазақстандағы вагондарды өндірістен шығару тәжірибесі мен пайдалану нәтижесінде бірлескен жобасы болып табылады.
Вагондардың ені, санитарлық-гигиеналық бөлмесі жүрдек пойыз жолаушыларының кіріп-шығуына барынша қолайлы етіліп, кеңейтілді.
Жылжымалы құрамда вагонның екі түрі бар. «Турист» вагондарында креслолары және жүк қоятын орны бар. «Гранд-класс» вагондарында электрлі көтергіші, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеке себездеткішімен қоса дәретханасы қамтылған.
«Тұлпар-Тальго» вагондары Қазақстан, Ресей, Германия, Австрия, Испания, Чехия, Италия, Ұлыбритания, Францияның арнайы орталықтарында сынақтардың толық кезеңдерінен өткізілді.
Мәселен, Лейпцигте вагондарды пайдалану кезінде болатын түрлі жүктерді тиеу сынағы өткізілді. Мадридте вагон қорабы арбашасының қаншалықты жүктерді, қанша жыл көтеруге шыдас бере алатындығы сыналды. Венада арнайы камерада: ылғалды ауада, жоғары қысымды және төменгі температурада, желдің жылдамдығына қатысты ауа райына шыдамдылығы жан-жақты сарапталды.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында сағатына 200 километр жылдамдықпен, қиын жол телімдерінде, кей жерлерінде 300 -ден 2000 метрге дейін қиыс кететін тұстарда сыналды.
Темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері («ТЖКҒЗИ» АҚ) 200 километрлік жылдамдықта жылжымалы құрамның тежегіш құралдарының сапасы мен өзімен-өзі ажыратылуын басқару үдерісін тексерді.
«Сынақтар нәтижесі - жылжымалы құрамның Кеден одағы «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» ТР ТС 001/2011 техникалық регламенті талабына сай келетіндігін көрсетті. Бұл Ресей федеральдық темір жол көлігін сертификаттау регистрінің сертификатымен дәйектелді»,-деп атап өтті «Федеральдық темір жол көлігін сертификаттау регистрі» ФБУ жетекшісінің бірінші орынбасары А. Карякин.
Аса жайлы вагондардан жасақталған жылжымалы құрам биылғы желтоқсаннан Астана мен Алматы бағдарына, келесі жыл басынан Алматы-Шымкент бағдарына шыға бастайды.
Жылжымалы құрамды жаңғырту аясында 2021 жылға дейін «Тұлпар-Тальго» жайлы вагондарынан жасақталған пойыздарды қосымша жеті бағдарға - Алматы-Павлодар, Ақтөбе-Манғышлақ, Астана-Лениногор, Ақтөбе-Атырау, Алматы-Қостанай, Астана-Сарыағаш және Алматы-Манғышлақ бағытына жіберу жоспарланған.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады