- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Бірыңғай байланыс орталығына 5 жыл
Қазақстанның Бірыңғай байланыс орталығына 5 жыл
2011 жылы не бары 30 қызмет түрі көрсетілсе, бүгінгі таңда орталық операторлары халыққа 736 мемлекеттік қызмет бойынша консультациялар көрсетеді, деп хабарлады ұлттық компания.
Байланыс орталығына хабарласатын азаматтардың басым көпшілігі төлқұжат, жеке және жүргізуші куәлігін алу, мекенжай туралы анықтаманы алу, сонымен қатар баланың дүниеге келуі мен күтіміне байланысты жәрдемақыны рәсімдеу сұрақтары бойынша хабарласады.
Байланыс орталығының директоры Анар Ұлманованың айтуы бойынша, «ББО бастапқыда қарапайым байланыс орталығы болған. Ал қазіргі уақытта азаматтармен қарым-қатынас орнатудың қосымша арналары бар. Енді мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша 1414.kz сайты, электрондық пошта және виртуалды онлайн-көмекшілер арқылы хабарласуға болады.
Бірыңғай байланыс орталығы халықаралық стандарттарға сәйкес EN 15838 сертификатының иесі, WSIS PROJECT PRIZES 2016 халықаралық конкурсының жеңімпазы (Женевада өткен). Аталған жетістіктер консультациялық қызметтердің жоғары сапада көрсетілетінін мойындатады, әрі халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес тұтынушыларға қызмет көрсету процестердің жүйеге қойылғандығын дәлелдейді.
ББО мамандары күніне 10-15 мың өтінім өңдейді. 2015 жылы түскен өтінімдердің жалпы саны 3,6 млн құраса, ал 2016 жылдың 10 айында өтінімдер саны 3,7 млн құраған.
Орталықта 127 оператор, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді, қызметкерлер үшін жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Операторлардың орташа жасы - 25.
Жұмысқа қабылдау алдында операторлар сұхбаттасудан өтеді, бұл кезде дикциялары, күйзелістік жағдайларда сабырлық сақтауы, мемлекеттік тіл бойынша білімі тексеріледі. Сұхбаттасу сәтті аяқталған жағдайда үміткерлер бір аптадан үш аптаға дейін оқыту курстарынан қатысып, нәтижесінде тест тапсырады. Естеріңізге салсақ, операторлар тәжірибесі мен біліктілігіне қарай 3 категорияға бөлінеді.
Кеңесшілердің (консультанттар) жұмысы нәтижелі болу үшін олар ауысымдарға, топтарға және жобаларға бөлінеді, біліктіліктерін арттыру үшін мемлекеттік қызметтерге қатысты барлық сұрақтар бойынша үнемі оқыту курстары ұйымдастырылады. Операторлардың білімдерін арттыру жолында 6 супервайзер және 18 әдіскер жұмыс жасайды. Ай, тоқсан, жыл сайын байланыс орталығының үздік мамандары анықталады.
Естеріңізге салсақ, еліміздің кез келген жерінен және кез келген телефоннан тәулік бойы тегін жұмыс істейтін 1414 нөміріне хабарласу арқылы мемлекеттік қызметтер бойынша консультация алуға болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі