- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Қасымбек: Қазақстан және Франция 200 млн долларға 6 жоба бойынша келіссөздер жүргізуде
Ж.Қасымбек: Қазақстан және Франция 200 млн долларға 6 жоба бойынша келіссөздер жүргізуде
«Қазақстан экономикасына француздық инвестициялар көлемі соңғы 10 жыл ішінде 13 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстанда француздық капиталдың қатысуымен 130-дан астам әр түрлі кәсіпорындар сәтті жұмыс істейді. Екі ел арасында 1 млрд АҚШ доллары сомасына 25 жоба іске асырылған, бұл негізінен мұнай-газ, машина жасау, тау-кен металлургиясы салаларындағы жобалар, агроөнеркәсіп кешеніндегі жобалар да бар. Болашақта бұл тізбе кеңейіп, ұлғаяды деп күтеміз», - деп ақпараттандырды Ж. Қасымбек.
Министр хабарлағандай, 200 млн долларға жуық сомаға 6 жоба белсенді пысықталу үстінде. Оның айтуы бойынша, осы жобаларға құрылыс бизнесі, энергетика, автомобиль жасау мәселелері кіреді.
«Біз белсенді жұмыс жүргізуді одан әрі жалғастырамыз. Премьер-Министрден бастап әр түрлі деңгейлерде белгілі бір штабтар, кеңестер құрдық, онда Қазақстандағы бизнесті, инвестициялық климатты жетілдіру үшін ашық диалог режимінде шетелдік тараптарды тыңдап, заңнамаға өзгерістер енгіземіз», - деп атап өтті Ж. Қасымбек.
Сонымен бірге, ҚР ИДМ басшысы 2017 жылдан бастап шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа қағидалары қолданысқа енгізілетінін еске салды, олар Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат беруді едәуір оңайлатады.
Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Етьен Франция Қазақстандағы үшінші шетелдік инвестор, Қазақстанның алтыншы клиенті және жетінші өнім берушісі болып табылатынын қосты.
Еске сала кетейік, француздық компаниялар жұмыс істейтін негізгі салалар инфрақұрылым, көлік, телекоммуникациялар, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары өндірісі, фамацевтика, металлургия, мұнай, химия салалары, ғарыш саласы болып табылады.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру