• Басты
  • Г.Әбдіқалықова: ҚХА Мемлекет басшысының жоспарларын іске асыруда маңызды рөл атқарды (ФОТО)
29 Қараша, 2016 13:21

Г.Әбдіқалықова: ҚХА Мемлекет басшысының жоспарларын іске асыруда маңызды рөл атқарды (ФОТО)

Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының жоспарларын іске асыруда, қазақстандық жолдың жетістіктерінде маңызды рөл атқарды, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылында өз үлесін қосты, деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында.

Г.Әбдіқалықова: ҚХА Мемлекет басшысының жоспарларын іске асыруда маңызды рөл атқарды (ФОТО) | Strategy2050.kz

«Біз ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы және ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында кездесіп отырмыз, мұның өзінде терең байланыс бар. Жақында қабылданған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Декларациясында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси еркіндігі мен стратегиялық көрегендігінің арқасында дамудың қазақстандық моделі сәтті болғаны атап өтілді», - деп хабарлады ол.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының  жоспарларын іске асыруда, қазақстандық жолдың жетістіктерінде маңызды рөл атқарды, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылында өз үлесін қосты.

«Біріншіден, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жылы Ассамблеяның басты стратегиялық құжаттарын іске асыру жылына айналды. Бүгін азаматтардың 27%-ы өздерін біртұтас халық деп санайды – бұл біздің сіздермен бірге атқарған жұмысымыздың басты нәтижесі. Ассамблеяның барлық мүшелеріне алғыс білдіремін», - деді Г. Әбдіқалықова. 

Екіншіден, Мемлекеттік хатшы атап өткендей, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жылы «Мәңгілік ел» патриоттық акті қабылданған жылға айналды.

«Бүгінде оны іске асыруға мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам, БАҚ тартылған. Ассамблея мәселелері бойынша барлығы 2 заң, Президенттің 2 жарлығы, мемлекеттік хатшының 3 өкімі қабылданды.

Үшіншіден, бұл «Үлкен ел – үлкен отбасы» ҚХА жалпы ұлттық жобасын іске асыру жылы. Ассамблеяның осы жобасы аясында 30-дан астам әлеуметтік маңызды мәдени, ғылыми-әдістемелік жоба іске асырылды. 13 мыңнан астам іс-шара өткізілді», - деп хабарлады Г. Әбдіқалықова.

Өз сөзінің соңында Мемлекеттік хатшы қатысып отырғандарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, Ассамблея мүшелерінің тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.

Сурет Азамат Әлиев

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды