• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Бишімбаев: Қазақстанда жаңадан бастаған кәсіпкерлер 16 млн теңгеге дейін шағын несиелер ала алады

Қ.Бишімбаев: Қазақстанда жаңадан бастаған кәсіпкерлер 16 млн теңгеге дейін шағын несиелер ала алады

29 Қараша, 2016 11:31
Қазақстанда 6%-ға дейінгі соңғы сыйақы мөлшерлемесімен жыл сайын 16 млн теңгеге дейін шағын несиелер беру жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР Үкіметінің отырысы барысында хабарлады.

«Өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қалаларда кәсіпкерлік қызметті шағын несиелендіруді енгізу, сондай-ақ қалаларда жобаларын жоспарлайтын және іске асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар үшін мемлекет тарапынан шағын несиелерді кепілдендіру көзделген», - деп хабарлады министр.

Осылайша, қалаларда жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың біліктілігін арттыру үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қолданыстағы оқыту құралдары іске қосылған. Бұл кәсіпкерлік, бизнес-тағылымдама негіздеріне оқытудың қысқа мерзімді курстары. Нысаналы индикаторларға сәйкес, жыл сайын 2 500-ден астам қарыз беру жоспарланып отыр, оның 20%-ы старт-ап жобаларды іске асыру үшін берілетін болады.

«Шағын несиелер жаңа кәсіпорындар ашу және қолданыстағы бизнесті кеңейту үшін 6%-ға дейінгі соңғы сыйақы мөлшерлемесімен 16 млн теңгеге дейін беріледі. Операторы - «Даму» АҚ. Шағын несиелерді тікелей беру екінші деңгейлі банктер немесе шағын қаржылық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады», - деп мәлімдеді ведомство басшысы.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, кепілдіктер мөлшері жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін – шағын несие құнынан 85%-ға дейін, жұмыс істеп жүргендер үшін 50%-ға дейін құрайды.

«Осы бағыттағы жалпы бюджет 10 млрд теңгені құрайды және бұл 2,5 мың шағын несиені қамтуға мүмкіндік береді деп болжануда», - деп қосты Қ. Бишімбаев.                      

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар