ҚДБ қолдауымен 2013 жылы «Азия Авто» өндірісінің ауқымы екі есеге өсті

10 Желтоқсан, 2013 12:01
«Азия Авто» АҚ өндіріс ауқымы 2012 жылы 16,5 мыңнан 2013 жылы 30 мың автокөлікке дейін өсті, деп «Қазақстанның Даму Банкінің» баспасөз қызметі хабарлады.

« «Азия Авто» АҚ-ның өндіру ауқымы 2012 жылы 16,5 мыңнан 2013 жылы 30 мың автокөлікке дейін өсті. 2014 жылы бұл көрсеткішті 40 мыңға жеткізіп жылына 60 мың бірлік көлік өндіретін қуаттылыққа жету жоспарланған», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, өткен жылы ҚДБ «ҚДБ-лизинг» компаниясының қатысуымен автозауыт Volvo арнайы техникасының 15 бірлік көлігін сатып алды. Сондай-ақ, қайта жаңғырту жұмыстарын өткізді. Оның жалпы құны 847 млн теңге.

Жоба «Өнімділік-2020» бағдарламасының аясында жүзеге асты. Бағдарламаның басты мақсаты – жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды қайта жаңғырту.

 

 

Барлық жаңалықтар