- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 10 ай ішінде 643,1 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілген
ОҚО-да 10 ай ішінде 643,1 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілген
Оның айтуы бойынша, кен өндіру өнеркәсібінде 191,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, ол 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 4 % артты. Өңдеу өнеркәсібінде 396 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, ол 8,5% артқан.
«Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жыл басынан 3,9 млрд теңгеге 4 жобаны іске асыру арқылы 159 жұмыс орны ашылды», - деді ол.
Дегенмен, басқарма басшысының мәліметінше, алдын ала болжам бойынша жыл қорытындылары бойынша 10 индикатордың орындалмау қауіпі бар. Тарқатып айтсақ, аталған индикаторлардың 3-і - кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасына, 2-і - ауыл шаруашылығы басқармасына, 3-і - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, 2-і денсаулық сақтау басқармасына тиесілі көрсеткіштер.
Мысал ретінде айтсақ, инвестиция тарту туралы тапсырма бірқатар аудан, қалаларда төмен күйде қалып отыр. Дегенмен, аудан әкімдері соңғы екі айлық көрсеткішті қосып, кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік бар екенін жеткізді. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексінің жылдық жоспары 105% болса, 10 айда 101,2% құрап отыр. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестицияның нақты көлемінің индексі бойынша жылдық жоспар 100,2% болса, нақты 29,8% құрап отыр. Жұмыссыздық деңгейі бойынша жоспар - 5% болса, салалық басқарма жылдың қорытындысы бойынша 5,3% болады деп болжануда.
Жоғарыда көрсетілген салалардағы кемшіліктер бойынша басқарма басшылары мен тиісті аудан, қала әкімдерінің жауаптарынан соң, Ж.Түймебаев жыл соңына дейін индикаторлар көрсеткішін жоспарлы межеге жеткізіп, басқарма басшыларының бірігіп жұмыс істеу керектігін тапсырды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы