- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҚДБ ОҚО инфрақұрылымын дамытуға ынталы
ЕҚДБ ОҚО инфрақұрылымын дамытуға ынталы
Аймақ басшысы, ең алдымен, мәртебелі мейманды өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, аталған банк өкілдігімен ауыл шаруашылығы, коммуналды шаруашылық, инфрақұрылым, автожолдар салу мен әуежай құрылысын жүргізу салаларында бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Үш миллионға жуық халқы бар өңірдегі туу көрсеткішінің жоғары екенін, сәйкесінше, бұл ретте инфрақұрылымдық, әлеуметтік, коммуникациялық мәселелер жайы туындайтыны заңды екеніне тоқталған әкім, атап айтқанда, сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау мәселесінде қаржы бөлу қажеттігін айтты.
«Жалпы, ҚР Үкіметінен түрлі салалар бойынша көптеген қаржы бөлінуде. Десе де, мұндай халықаралық ұйымдардың қаржысы біз үшін артықтық етпейді. Аталған банкпен бірге біздің тарап Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларының инфрақұрылымдарын дамыту бойынша жұмыстар жүргізуге әзір. Бұл қаржы институтымен бірлесе жұмыс істеудің бірінші тиімді тұсы, теңге айналымын жүргізуге мүмкіндігіміз бар. Екіншіден, пайыздық мөлшерлемесі басқа банктермен салыстырғанда өте төмен», - деді Ж.Түймебаев.
ЕҚДБ-нің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Джанет Хэкман айтылған ұсыныстар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді. Кездесу қорытындылары бойынша тараптар алдағы уақытта нақты ұсыныстар негізінде жұмыс істеуге уағдаласты.
Айта кетейік, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) — халықаралық үкіметаралық қаржы-несиелік ұйым болып табылады. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің ұзақ мерзімді несиелендіру жөніндегі аймақтық мемлекетаралық банкі. Ол қаражат бөлумен қатар, тікелей шетелдік инвестициялардың едәуір көлемін де тартады.
-
Ауылды елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту жөнінде мемлекеттік жоба дайындалмақ -
«Нұрлы жол» бағдарламасы: Көлік-логистика инфрақұрылымының дамуы -
Инфографика: Білім және ғылым саласын дамытуға қандай тапсырмалар берілді -
А.Сатвалдинов: Арыс инфрақұрылымының 90% қалпына келтірілді -
Нұр-Сұлтан, Алматы және Талдоқорғаннан Үшаралға ұшып баруға болады -
Облыстардың бюджетінен тұқым шаруашылығын дамытуға 11,3 млрд теңге қарастырылған – А.Сапаров -
Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту АӨК-ті дамытуға серпін береді — А. Мамин -
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еріктілер қызметін дамытуға шақырды -
Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі -
Президенттік жастар кадрлық резерві жобасының жеңімпазы: Ғылым саласын дамытуға үлес қосқым келеді -
"Теңізшевройл" компаниясы мен ЕҚДБ бірлесіп 33 жобаны жүзеге асырды -
Еуропалық Одақ Орталық Азияны дамытуға арналған бағдарламаларды қаржыландырады -
Astana Hub Шымкенттегі стартап кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі -
Жаңа жоба бойынша кәсіпкерлікті дамытуға қандай мүмкіндіктер беріледі -
Б.Атамқұлов: Көлік инфрақұрылымының дамуына 6 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды