- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Мемлекеттік БАҚ медиа саласы нарығынан өз орнын алуы тиіс
Н.Назарбаев: Мемлекеттік БАҚ медиа саласы нарығынан өз орнын алуы тиіс
Кездесуге Президент Әкімшілігінің, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Іс-шара барысында еліміздегі мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері Мемлекет басшысына өздері басшылық ететін ұйымның қызметі туралы есеп берді.
Сонымен бірге Қазақстан Президенті мемлекеттік БАҚ-тың жетістіктерімен және олардың алдағы даму жоспарларымен танысты. Елбасы жастарды адамгершілікке тәрбиелеуге септігін тигізетін сапалы отандық медиаконтент әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.
"Мемлекеттік БАҚ медиа саласы нарығынан өз орнын алу үшін жұмыс жүргізуге тиіс. Мейлінше тартымды, соның ішінде әлемдік мәдениет пен тарих туралы ақпараттық контенттің көбірек болғаны жөн", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Отандық БАҚ жетекшілері Мемлекет басшысына Қазақстанның ақпарат әлеміндегі қазіргі ахуал және оның даму перспективалары туралы баяндады.
Соңында Елбасы бәсекеге қабілетті мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыру қажеттігін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек